jasqazaq.kz

Алматы әуежайында төбелес болды: полицей әуеге оқ атты

26 шiлде 2022, 11:13

Алматы әуежайында төбелес шығып, соңында полиция қызметкерлері ескерту оғын атты. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде Алматы әуежайында үш ер адам ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Ол жерде оқ атылғаны туралы да айтылған.

Алматы полициясының баспасөз қызметі мәліметінше, түнгі сағат бір шамасында Алматы халықаралық әуежайы аумағындағы туристік полицияға көлік тұрағында төбелес шыққаны туралы хабар түскен. Онда үш мас ер адам төбелесіп жатқаны белгілі болған.

«Олар полиция қызметкерлерінің талабына бағынбаған. Төбелеске қатысқандардың бірі — бұрын сотталған 1994 жылы туған У. есімді ер адам шыны сыра бөтелкесін сындырып, полиция қызметкеріне қарай жүгірген. Қылмыстың жолын кесу үшін тәртіп сақшысы табельдік қаруынан әуеге оқ атып, ескерту жасады. Нәтижесінде, төбелескендер ұсталды. Олар Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары. Екеуі бұрын тонау және біреудің мүлкін ұрлау бойынша сотталған. Айыпталушылардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 293-бабы, 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сараланған. Олар УҰИ-ға қамалды», — деді полиция өкілдері.

Осы факт бойынша соталды тергеу басталды. Сондай-ақ, қызметтік қаруды қолдану бойынша тексеру жүргізіледі.

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр