jasqazaq.kz

Алматы әуежайында мас жолаушы мен бармен төбелесті (видео)

24 қараша 2020, 13:02

Алматы әуежайында мас жолаушы мен бармен төбелесті.

Бұл видео желіде жарияланды.

Көліктегі ПД хабарлауынша, бұл оқиға 23 қарашада болған. «Көліктегі ПД Алматы желілік бөліміне Алматы халықаралық әуежайы аумағында екі адам төбелесіп жатқаны жайлы хабар түсті. Полиция екі адамның кім екенін анықтады. Олар 30-31 жастағы жолаушы мен бармен екені белгілі болды», — деді департамент өкілі. «Алматы-Ақтау» рейсінің жолаушысы күту залындағы бар үстелінде ұйықтап қалған. Бармен оны оятқанда жолаушы тұра салысымен дөрекі мінез көрсеткен. Даудың арты төбелеске ұласқан. Залда болған басқада куәгерлер төбелескендерді ажыратып алды. 24 қарашада бармен мен бар иесі полицияға арызданды. Медициналық куәландыру нәтижесінде жолаушының орта дәрежеде мас болғаны анықталған. Қазіргі таңда ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлімімен бұл дерек сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркелді.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде