jasqazaq.kz

Алматы әуежайында әйел патрон алып ұшпақшы болған

26 қазан 2018, 12:16

Алматы әуежайында патрон алып ұшпақ болған әйел ұсталды деп хабарлайды Алматы қалалық сотының сайты.

Қазақпарат жазғандай, Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында тауып алған оқ-дәріні заңсыз сақтағаны үшін А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.   2018 жылғы 31 мамыр күні сағат 13:00 шамасында А. Алматы қаласының «Жұлдыз-1» ықшам ауданындағы «Балнұр» сұлулық салонының жанынан жерден бір дана оқ тауып алып, сөмкесіне салған. Сол күні, сағат 13:50 шамасында А. Астана қаласына ұшу үшін әуежайға келеді. Сағат 14:15-де әуевокзал ғимаратындағы тексеру аймағынан өту барысында рентген аппараты әйелдің сөмкесінде патрон бар екенін көрсеткен.

Сарапшының қорытындысы бойынша, ол әскери патрон екені әрі атуға жарамды екені анықталды. Сөйтіп, А. оқ-дәріні заңсыз иемденіп, сақтап және тасымалдаған. Сот отырысында сотталушы А. өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Сот үкімімен А. Қазақстан Республиксының Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді