jasqazaq.kz

Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

13 шiлде 2021, 12:51

Алматы әуежайында шлагбаумдар ауыстырылып жатыр, кіреберістердің бір бөлігі жабық. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Осыған байланысты әуежай өкілдері жолаушылардан рейске алдын ала келуді сұрады. Жөндеу жұмыстарын қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған.

«Жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — деді Алматы халықаралық әуежайы өкілдері.

Бұған дейін әуежайда жаңа халықаралық терминалдың құрылысы басталғаны хабарланған болатын. Ол VIP-терминал орнында болады. Жөндеу жұмыстары кезінде VIP-терминал ғимараты әуежайдың оңтүстік-батыс бөлігіне көшіріледі. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2022 жылдың мамырына жоспарланған.

Айта кетейік, 2021 жылдың сәуірінде Алматы әуежайы TAV Airports түрік компаниясының меншігіне өтті. Бас директоры болып Мете Еркал тағайындалды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия