jasqazaq.kz

«Алматы-Астана» пойызында тәртіп бұзған жолаушы жазаланды (видео)

26 қазан 2018, 14:37

«Алматы — Астана» бағытындағы пойыздың купесінде тәртіпсіздік жасаған жолаушылардың бірін желілік полиция қызметкерлері Қарағанды- Сортировочный стансасында алып қалды.

 ҚазАқпарат  жазғандай, «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім еткендей, 4 қазанда № 701 «Алматы- Астана» пойызының № 20 вагоны 5-купесіндегі жолаушылар қоғамдық тәртіпті бұзған. Жастар жолда спирттік ішімдік ішіп, жолсеріктің ескертуіне құлақ аспаған. «Купедегі құрал-саймандар мен ішкі жабдықтарды зақымдаған төбелескіштерді Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері ұстады. Олардың компанияға келтірген залалы анықталып жатыр», — деп атап өтті компанияның баспасөз қызметі Instagram-дағы видеороликке пікір білдіре отырып. Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 қазанда Қарағанды-Жолаушылар стансасында «Алматы-Астана» бағытындағы жолаушылар пойызы басшысының акті бойынша полиция қызметкерлері аталмыш пойыздың 32 жастағы жолаушысын Қарағанды- Сортировочный стансасында түсіріп алып қалған. Тексеру барысында азаматтың Әкімшілік кодекстің 440-бабы 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу немесе мас күйде болу») бойынша әкімшілік құқық бұзғаны анықталды. Әкімшілік іс қозғалып, оған 5 АЕК көлемінде, яғни 12 025 теңге көлемінде айыппұл салынды.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=8&v=JAMUIbK01cg

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді