
«Алматы- Астана» бағытында жүретін № 701 пойызда жолаушылар жанжал шығарды.
Tengrinews.kz сайты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап хабарлады. Оқиға 4 қазанда болған, алайда бұл туралы тек таяуда ғана белгілі болды. Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі zhaloby_astana паблигінде жарияланды. № 701 «Алматы-Астана» пойызындағы № 20 вагонның 5-ші купесіндегі жолаушылар бейәдеп қылыққа барып, қоғамдық тәртіпті бұзды. «Жолаушылар бара жатқан жігіттер спирттік ішімдік ішіп, жолсеріктердің ескертуін елемеген. Купенің ішін тас-талқанын шығарғандарды тізбектегі ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қамауға алды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ мүлкіне келтірілген залал мөлшері есептеліп жатыр және айыпталушыларға төлеуге жіберіледі», — деді Руслан Иманқұлов. Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады.