jasqazaq.kz

Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

11 мамыр 2021, 10:32

Серік Құсайынов Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл лауазымға ол Ерлан Қожағапановтың орнына келді. Бұл туралы мәслихат сессиясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Серік Құсайынов Алматының Алмалы ауданының әкімі болды.

Серік Досымханұлы Құсайынов 1964 жылы туған, Алматы облысының тумасы.

Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.

Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі.

Мемлекеттік басқару жүйесінде едәуір жұмыс тәжирибесі бар.

Әр жылдары Алматы қаласының коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында шебер, бас инженер, басқарушы директор болып жұмыс істеген, қаланың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды.

Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы, Алмалы ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия