
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, желіде кернеу төмендеп кеткендіктен, қаланың бірқатар аймақтарында жарық сөнген. Электр энергиясын қайта қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Өшіру KEGOC желісі бойынша орын алған. Желідегі кернеу төмендеп, «Алатау Жарық Компаниясы» қосалқы станцияларында автоматты жиіліктік жүктемеден босату жүйелері іске қосылып жатыр», — деп хабарланды әкімдіктен.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жарықтың сөніп қалғанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ, көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан электр желілерінде ақау байқалған.
«Алатау Жарық Компаниясының» хабарлауынша, жарықтың 50%-ы қалыпқа келтірілді.