jasqazaq.kz

Алматы әкімдігі қаладағы бензин жетіспеушілігін түсіндірді

05 қазан 2017, 14:53

Алматы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев қалада бензин жетіспеушілігіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Алмас Мәдиевтің сөзіне жүгінсек, Алматы қадасында жанармай жетіспеушілігіне байланысты әкімдік министрлікпен бірігіп мәселені шешумен айналысып жатыр.

«Қазір қалада 15 мың тонна бензин қоры бар: Helios, Sinooil, «ҚазМұнайГаз». Бұл қаланы сегіз-он күнге қамтамасыз етуге жеткілікті, ал шағын жанармай бекеттеріндегі бензин қоры екі-үш күнге жетеді», — деді Алмас Мәдиев.

Оның айтуынша, әкімдік министрлікпен бірігіп жедел жиналыс өткізген, соның нәтижесінде энергетика министрлігі қаланы қосымша жанармай көлемімен қамтамасыз етуге уәде берген.

«Бұдан бөлек, жергілікті атқару органдары табиғи монополияны реттеу комитетімен бірге жанармай бекеттерін тексеріп, бензин қорын тексереді, себебі ірі желілер бензинді қоймаларында ұстамай, қала қонақтары мен тұрғындарын уақытылы қамтамасыз етуі тиіс», — деді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде