jasqazaq.kz

Алматы әкімдігі даулы «Дамумедке» байланысты тексеруге кірісті

07 тамыз 2020, 18:12

Алматыда өткен онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Камалжан Надыров «Дамумед» жайлы дауға қатысты пікір білдірді.

Әлеуметтік желіде «Дамумедке» қатысты даулы жағдайлар туындаған болатын. Қала тұрғындары өздерінің дәрігерге бармаса да жазылып тұрғанын көріп таң қалысқан болатын.

«Бұл мәселені бақылауға алдық. Қазір осы ақпараттық жүйеге қатысты даулы мәселелер туындап тұр. Әлеуметтік Медициналық сақтандыру қоры бұл дерекке байланысты қызметтік тексеруді бастап кетті. Қоғамдық басқарма да тексеруді бастайды. Тексеру нәтижесінде ұйымдастыру бойынша бірқатар шешім қабылданады», — деді Надыров.

Басқарма басшысы ақпараттық жүйенің пайдалы тұстарын да атап өтті.

«Осы қосымша арқылы адам барлық талдауларын, қорытындыларын көре алады», — деді ол.

ҚазАқпарат

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі