jasqazaq.kz

Алмасадам Сәтқалиев: «Самұрық-Қазына» қоры COVID-2019 ықтимал екінші толқынын алдын алуға дайын

07 қазан 2020, 15:14

Бүгін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» басқарма төрағасының Активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Алмасадам Сәтқалиев арнайы брифинг өткізіп, егер коронавирустың екінші толқыны бола қалса, Қорға қарасты компаниялар қалай әрекет ететінін айтып берді.

Сәтқалиев атап өткендей, Қор мен оның еншілес компаниялары вирустың бірінші толқынындағы тәжірибеге сүйенеді. Оның негізінде қызметкерлердің денсаулығын қорғап, өндірістің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге көзделіп отыр.

«Соңғы уақытта көршілес елдер мен Еуропада, яғни, біз белсенді экономикалық қарым-қатынас орнатқан елдерде коронавирус жұқтырғандардың саны өсіп келеді. Пандемияның бірінші толқыны кезінде біраз тәжірибе жинадық. Ал оның екінші толқыны орын алса, күресуге дайынбыз. «Самұрық-Қазына» қоры қолға алған шаралар өз тиімділігін көрсетті», — дейді ол брифинг кезінде.

Жұқпалы індеттің бірінші толқынында Қор өндірісті тоқтатпай, қызметкерлерін қысқартпаған, жалақыны уақытында төлеген. Оның екінші толқын болған жағдайда Қор «А», «Б», «С» жоспарларын әзірлеп отыр.

«А» жоспары коронавирусты таратпау жөніндегі іс-шаралардан тұрады. «В» жоспары эпидемиологиялық жағдай қиындап кетсе, қандай шара қолданатынымызды көздейді. «С» жоспары компанияда немесе өндіріс орындарында коронавирус ошағы анықталған жағдайда қандай әрекет ететінімізді көрсетеді», — дейді жоспарлардың басты міндетіне тоқталған ол.

Оның айтуынша, қазір өндірістегі қызметкерлер арасында короновирусты анықтау үшін ПТР тест жасалып, ауырғандар мен байланысқа түскендер оқшаулануда.

«Ең басты міндет — өндірісті тоқтатпау, халықтың тыныс-тіршілігі мен ел экономикасына қажетті электр жарығы, жылу, байланыс сияқты салаларда жұмыс істейтін компаниялардың қызметін үзбеу. Әрине, бұл ретте қызметкерлердің де денсаулығы басты орынға шығады. Сондықтан, Қор вирустың екінші толқыны болуы мүмкін деген жағдайға жан-жақты дайындалып отыр», — деді сөзін қорытындылаған ол.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық