jasqazaq.kz

Алмас Кішкенбаевтың ажырасқанын естігенде анасы инсульт алған (видео)

07 сәуiр 2021, 16:44

Қазақстандағы алғашқы музыкалық телевизиялық музыкалық шоу – Superstarkz-тің жеңімпазы әнші Алмас Кішкенбаев шығармашылығы, сахнадан неге көрінбей кеткені жайында «Ең алғашқы» бағдарламасына ақтарыла сұхбат берді.

Superstarkz жеңімпазы танымал байқаудан кейін продюсер Ләйля Сұлтанқызымен жұмыс істеп, сапалы әндер, бейнебаяндар түсіріп, бір демде бүкіл ел танитын жарық жұлдызға айналды. Алайда жеке өміріндегі сәтсіздіктер оның шығармашылығына да салқынын тигізді. Шаңырағының шайқалуы, артық салмақ, алып-қашпа әңгімелер Алмас Кішкенбаевты терең күйзеліске ұшыратты. Алмастың ажырасуы әншінің анасына да ауыр соққан. Жайсыз хабарды естіген анасы тіпті инсульт алған.

Алмасты анасы жеткізді, осында (ред. еск. – Қызылорда) үйлену тойын жасады. Алмастың ажырасқанын естігенде екінші рет инсульт алды, сөйлемей қалды. Қатты жылады. «Мөлдірдің берген уәдесі қайда?» деді. Кезінде махаббат сезімі болған шығар. Бар кезде батып ішті, Алмас қатты қиналғанда неге оған демеу бермеді? Оны жақсы көргені қайда? Неге ол екі қызды екі көзін жылтыратып, жетім қылып қояды? деп көзіне жас алды Алмастың анасының көршісі Роза Құрбанқызы.
Әлі де жүрек жарасы жазылмаса керек, әншінің өзі бұл тақырып жайында ашылып айтудан бас тартты.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия