jasqazaq.kz

«Alma City» кешенінен жастарға арналған пәтерлерге өтініш қабылдау басталды

05 қараша 2020, 12:14

Алматы қаласында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерге өтініш қабылдау басталды. Құжаттар бүгіннен бастап 9 қарашаға дейін қабылданады.

Өтініштер www.almaty-jastary.kz сайты арқылы қабылданады. Авторизация сайтта электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі. Оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан алуға болады.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлер 5 жыл мерзімге беріледі. Қазіргі уақытта Наурызбай ауданының «Alma City-5» шағын ауданынан 350 бір бөлмелі пәтерлер үлестірілмек.

– 29 жасқа толмаған, мектеп, техникалық және орта білімі бар немесе жоғары оқу орнын тәмамдап жұмыс істеп жүруге тиіс;

– Соңғы 2 жылда Алматы қаласында тіркеуде тұруы керек;

– Жеке басында үйі жоқ болуы міндетті;

– Соңғы алты ай ішінде кемінде 101 мың теңге ай сайынғы табыс болуы керек;

– Банкте жинақ шоттың болуы міндетті.

Өтініш берушілердің тізімі ұпай жүйесі бойынша жасалады. Ұпайлардың берілу критерийлері, сондай-ақ, қажетті құжаттар тізімі жоғарыда көрсетілген сайтта орналастырылған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия