jasqazaq.kz

Алма аялауды қажет етеді

19 қыркүйек 2019, 14:59

Алма – ұлттық брендіміз. Оның отаны Қазақстан екенін әлем ғалымдары мойындады. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Сондықтан мемлекет еліміздегі алма бақтардың санын көбейту туралы арнайы бағдарлама әзірлеп, оның орындалуын ерекше назарында ұстап отыр.

Алма жемісі алғаш рет жер жаннаты Жетісудан Ұлы Жібек жолы арқылы бүкіл әлемге тараған. Өкінішке қарай, жеріміздің құнарлы және қолайлы болуына қарамастан Қазақстан алма өсіруден әлем бойынша 42-орында тұр. Сондықтан өз тұтынушыларымызды жеміс-жидекпен толық қамтамасыз ете алмай отырмыз. Оның орнын шетелдік өнімдер толтыруда.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы бес жылда бір миллион тоннаға жуық жеміс-жидек сырттан әкелінген. Оның көптеген қолайсыздығы да бар. Мәселен, импорттық өнімдермен бірге келген олардың ауру қоздырғыштары отандық алма бақтарға залалын тигізіп жатыр. Қазір елімізде бау-бақшамен айналысатындардың дені ұсақ және орта тауар өндірушілер. Мұндағы бағбандардың арнайы білімі жеткіліксіз. Сондықтан жаңа технологияларды игеретін мамандарды даярлап шығарсақ осы олқылықтардың орны толады.
Бүгінде еліміздегі Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары алма өсірумен айналысады. Алматы облысындағы алма бақтардың жалпы көлемі 24,7 мың гектарға жетіп отыр. Оның ішінде 2,7 мың гектары интенсивті бақтар. Ауыл шаруашылық кешенін дамытудың 2017 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында аймақтағы алма бақтарының көлемін 26 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда. Бірақ бұл тағы да өңір тұрғындарын алма жемісімен қамтамасыз етуге жеткіліксіз.
Айта кетерлігі, елімізде 1937 жылы құрылған жадлғыз памологиялық бақ бар. Осының негізінде жеміс-жидек ғылыми-зерттеу институты құрылды. Биыл аталған институтқа 60 жыл толды. Бірақ өңірлердің осы институтпен бірлесіп жұмыс атқарып жатқаны шамалы. Тіпті  өңірлерде бүгінге дейін жеміс-жидек өсіруге қолайлы жерлер туралы карта әзірленбеген. Ал толық ғылыми негіз қалыптаспағандықтан жеміс-жидек өсірушілер өз тәжірибесін ғана малданып жүр. Интенсивті бақ өсірумен айналысатын жоғарыда аталған үш облыста да осындай жағдай белең алуда. Басқа аймақтар әлі де бұл салаға ат ізін салған жоқ. Отандық жеміс-жидек тұқымын өсіру ісі де кенжелеп тұр. Әсіресе, Алматы облысында отандық көшеттерді өсіріп, оны күтіп-баптауда еуропалық технологияның стандартын енгізу арқылы мол табысқа қол жеткізуге болар еді. Бірақ әлі күнге ескерілмей кел жатыр. Оның үстіне Алатау бөктерлеріндегі жабайы алмалардың генофондын сақтау мәселесі де күн тәртібінен түспей тұр. Осынау ұлттық байлықты сақтау баршаның басты міндеті. Десек те, оны қадағалайтын байыпты жоспар, батыл қадамды көріп тұрған жоқпыз.

Қажет Андас,
Алматы облысы бойынша меншікті тілші

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда