jasqazaq.kz

Алкогольдік өнімдерін шығаратын жасырын цех анықталды

18 мамыр 2021, 15:23

Көкшетауда бір жылдан астам уақыт бойы алкоголь өнімдерін шығарып келген жасырын цех анықталды.

Бұл туралы ҚазАқпарат  Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 16 мамырда Ақмола облысының ПД Жедел криминалды полиция басқармасының қызметкерлеріне Көкшетау қаласындағы Хасенов базары аумағында ер адамның алкоголь өнімдерін заңсыз сатумен айналысатыны туралы жасырын ақпарат түсті. «Жедел-іздестіру шаралары барысында мамырдың 17-де сағат 09:00-де Көкшетау қаласының «Боровской» шағынауданы Хасенов базары аумағындағы гараждардың бірінің жер төлесінде алкогольдік өнімдерді құюмен айналысып жүрген Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны ұсталды», — деді ведомстводан. Анықталғандай, жасырын цехтан 600 литр сұйықтық, 300 литр арақ және 300 литр таза спирт тәркіленді. Ер адам бұл іспен бір жылдан астам уақыт айналысып келген. Іс материалдары Көкшетау қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде