
Мемлекет басшысының Өкімімен Әлия Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. «Мемлекет басшысының Өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды», — делінген Өкімде. Осраыған дейін, Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлия Рақышева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылғаны айтылған.