jasqazaq.kz

«Әліппені» енгізу 2021-2022 жылға жоспарланған

02 қараша 2020, 16:03


ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова «Әліппе» оқу бағдарламасына қашан енгізілетінін айтты.
Бүгінгі таңда «Әліппе» оқулығын дайындау жұмыстары аяқталды. 20-дан астам жұмыс тобының отырысы өткізілді. Практикалық қолданысқа байланысты бірнеше ұсыныс келіп түсті. Соның барлығы зерделенді. «Әліппенің» оқу бағдарламасына қатысты оқулықтар әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстың соңы ретінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап оқулықтар апробацияға енгізілетін болады. Ол үшін Білім және ғылым министрлігі апробация өткізетін пилоттық мектептердің тізбесін бекітті, — дейді Шолпан Каринова.
Оның айтуынша, сосын оқулық даярлаудың барлық кезеңдеріне байланысты толық талдау жасау жұмысы жүрігізіледі.

Сараптамадан өткен оқулықтар жаңа оқу жылында енгізіледі. Жалпы, «Әліппені» енгізу 2021-2022 жылға жоспарланған. Министріміз Асхат Аймағамбетов айтқандай, «Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалады. Бұл ұсыныс ғалымдар тарапынан да толық қолдау тапты. Әріптер, дыбыстардың жиілігі, олардың қолдану реттелігі ескеріп, пайдаланып қоданылады. Байтұрсынұлы дайындаған әліппені негізге ала отырып, жаңа заманға сай дайындадық, — дейді вице-министр.

baq.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия