jasqazaq.kz

Алиментті жымқырған «Қазпошта» операторы

24 қыркүйек 2019, 16:30


Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуратурасы алиментті жымқырған «Қазпошта» операторының ісін әшкереледі.
Алимент өндіру ісінің заңдылығын тексерген прокурорлар аударылған ақшаның иесіне жетпегенін анықтады. «Ақтөбе қалалық сотының 2017 жылғы шешімін орындаған әке екі баласына 70 мың теңге аударған. Алайда ақшаны «Қазпошта» АҚ филиалының операторлары жарты жолдан жымқырып, өз қажетіне жұмсаған. Ақша аудару операциясын жүргізген оператор сол жолмен 6 адамның 400 мың теңгеден астам қаржысын алып қалған», — деп хабарлады әлеуметтік желі арқылы Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуроры Жасұлан Дәулембаев. «Қазпошта» АҚ филиалы ішкі тексеру жүргізіп, мән-жайды анықтаған соң полицияға арыз түсірген. Алайда полиция азаматтық-құқықтық істі тергеуден бас тартып, мәселеге Алматы аудандық прокуратурасы араласты. Тергеу кезінде ұрланған ақша иесіне толық қайтарылып, жәбірленуші мен күдікті татуласты, іс қысқартылды.

  ҚазАқпарат 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық