jasqazaq.kz

Алимент төлеуден қашқандардың суреті көшелерге ілінбек

25 қараша 2019, 12:40


Қостанай қаласында жыл басынан бері 37 млн теңгедан астам берешек өндіріліп алынды.

Бұл туралы ҚазАқпарат   Қостанай қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі күні Қостанай қаласының жеке сот орындаушыларының қолында 6 мыңнан артық іс бар. Олардың көбі – алимент төлеуден қашқандар. 1200 борышкер 2725 балаға тиесілі қаржыны төлемей келеді. Ескерту қағазын алған 300 әке қарыз екенін біле тұра ешқандай амал қолданбай отыр. «Алимент төлей алмайтындардың дені – тұрақты жұмысы жоқ адамдар. Миллиондаған қарызы бола тұра еңбек етуден қашатындар бар. Мұндай жағдайда ізденуші тараптың арызымен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Таяуда қарызынан қашқан 5 азаматтың ісі сотта қаралды. Тағы 28 әкеге қатысты әкімшілік іс қозғалды», — дейді Қостанай қаласы прокуратурасының аға прокуроры Гүлсім Иманбаева. Жұмыссыз отырғандар да алимент төлейді. Олардың айлық төлемі қалай есептелетінін мамандар түсіндіріп өтті. Егер борышкер жұмыс істемесе, оған Қазақстандағы орташа еңбекақы бойынша есептеледі. Қазір орташа айлық көлемі 180 мың теңге шамасында. Борышкердің бір баласы болса, айына осы соманың төрттен бірін аударып отыруы керек. Жыл басынан бері өндірілген сома 37 млн теңгеден асады. Одан бөлек, сот орындаушыларының көмегімен алимент төлей алмағандардың 2 автокөлігі сатылып, қарыздары өтелсе, сонымен бірге, 1 үй берешегін жабуға берілген. Бүгінде 2 пәтер дәл осындай мақсатпен ізденуші жақтың меншігіне өтпек. Прокурорлар бұл бағыттағы жұмыстар жетілетінін жеткізді. Енді алимент төлеуден қашып жүргендердің суреті көшелерге ілінбек. Заңнан ешкім жалтара алмайды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда