jasqazaq.kz

Алимент төлемей жүрген астаналық 1 жылға сотталды

15 қыркүйек 2021, 17:46

Алимент қарызы басынан асқан елорда тұрғынының бас бостандығы бір жылға шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық жеке сот орындаушылар палатасына сілтеме жасап.

«Жауапқа тартылған азамат қаржылыай мүмкіндігі болғанына қарамастан, 2020 жылдың сәуірінен 2021 жылдың мамырына дейін алимент төлеуден жалтарған. Салдарынан 3 млн 498 061 теңге берешек жиналып қалған. Ол өз әрекетінің ұрыс еместігін түсініп, алимент төлеуге дайын екенін мәліме етті», — дейді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мадина Жанасаева.

Дегенмен, сот кезінде оның алимент төлеуге жағдайы бола тұрып, жалтарғанын дәлелдедейтін айғақтар белгілі болған. Тіпті 2018 жылы несиеге авткөлік сатып алып, 2 жыл бойы үзбей төлеп келген. Осының бәрін ескерген судья оның бас бостандығынан бір жылға шектеді.

«Алимент төлеуден жалтарған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектелді. Сот оған мынадай міндеттерді орындауды жүктеді: тұрақты тұратын жерін, жұмысын уәкілетті органға хабарламай өзгертпеу; жұмыстан бос уақытта, кешкі сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін тұрғылықты жерінен кетпеу; уәкілетті органға хабарламай басқа жерлерге шықпау. Сондай-ақ, ол бір жыл ішінде 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды», — деді Мәдина Жанасаева.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия