jasqazaq.kz

Алимент төлемеген борышкердің пәтері мен автокөлігі тәркіленді

12 қараша 2020, 10:25

Үш баласына 21,6 млн теңге алимент төлемеген борышкердің 2 бөлмелі пәтері мен автокөлігі алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әділет министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

«2017 жылдан бастап борышкердің үш баласына жалпы сомасы 21 601 205 теңге алимент берешегі болған. Алматы облысы Қапшағай қаласының жеке сот орындаушысы оның осы қарызы үшін Алматы қаласында 2 бөлмелі пәтері мен көлігін тәркіледі», делінген хабарламада.

Алимент бойынша берешек, салық органдарының мәліметіне сәйкес борышкердің ай сайынғы табысы 1,2 мл теңге сомасында белгіленгеннен кейін пайда болған. Сонымен қатар, борышкердің атына тіркелген жылжымалы және жылжымайтын мүлік анықталып, оларға тыйым салынып бағалау жүргізілген.

«Борышкер бірнеше рет жеке сот орындаушысына шақырылып, балаларын асырауға алимент төлеу қажеттілігі туралы ескертілді. Алайда ол сот шешімін орындаудан бас тартты. Борышкердің жалпы құны 16 824 112 теңге болатын тіркемесі бар «Toyota Camry» маркалы автомашинасы (бағалау құны 3 190 290 теңге) және 2 бөлмелі пәтері (бағалау құны 13 633 822 теңге) өндіріп алушыға заттай берілді. Қазіргі уақытта алимент берешегі 4 777 093 теңге», делінген хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде