jasqazaq.kz

Алимент төлемеген әке қамалды

25 қазан 2019, 15:43

Елордада алимент төлемеген әке қамауға алынды. 

Нұр-Сұлтан қалалық сотының ақпаратына сәйкес, 2015 жылы азамат Б.-ның ай сайынғы жалақысының үштен бір бөлігін кәмелетке толмаған балаларына беру туралы сот үкімі шыққан. Алайда, жауапсыз әке сот шешімін орындамаған. Осылайша, 2019 жылдың 3 қазанына дейін алимент бойынша қарызы 3 млн теңгеден асып жығылған. «Сот отырысында Б. өз кінәсын мойындады. Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен азамат Б. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 669-бабы 1-тармағына (Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актілері мен орындауға жататын құжатты орындамау) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 тәулікке қамауға алынды», — деді қалалық соттан. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Еске салсақ, Әділет министрі Марат Бекетаев алимент төлеушілерге арналған көмек қорын құру мәселесін көтерген болатын. «Қордың тұжырымы шет мемлекеттердің тәжірибесіне негізделіп отыр. Әлем елдерінің тәжірибелерін терең талдадық. Мәселен, Финляндияда өмірдің қиын кезеңіне тап болған (мысалы, ауырып қалған немесе жұмыстан шығып қалған) алимент төлеушілерге көмектесетін қор бар. Ол елде борышкерлер қордан ақша алып, берешегін өтеп, жағдайы жақсарғаннан кейін қайтадан қорды толтыруға міндеттелген», — деген болатын Марат Бекетаев Әділет министрлігінде өткен дөңгелек үстелден кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып. Осы дөңгелек үстелде атап өтілгендей, биылғы жылдың алты айы бойынша алимент өндіру саласында сот орындаушылардың (мемлекеттік және жеке) қолында 230 мыңға жуық іс бар.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық