jasqazaq.kz

Алимент төлемеген әйел сотталды

06 қазан 2021, 16:48

Қостанай облысының тұрғыны алимент төлемегені үшін алты айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

«Костанайские новости» газетінің хабарлауынша, бұған дейін борышкер алты рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

1977 жылғы келіншек Қостанай облысы, Жітіқара қаласында тұрады, 2018 жылдан бері алимент төлемеген. Қарыздың көлемі бүгіндері 3 223 000 теңгені құрайды. Жеке сот орындаушы оны үш рет жұмысқа тұрғызды, алайда бір ай жұмыс істеп, қарызды ішінара өтеген соң жұмысқа бармай, яғни сот шешімін мүлде орындағысы келмеді, — деді Қостанай облысы бойынша ЖСО-ның аймақтық палатасының жетекшісі Несібелі Басенова.
Сондай-ақ, борышкер екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған: 2019 және 2020 жылдары оның бас бостандығы шектелді.

Бұл жолы үшінші қылмыстық іс тіркелді. Ол алимент төлемегені үшін алты айға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды, — дейді Басенова.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия