jasqazaq.kz

Алимент төлемеген 40-қа жуық адам қамауға алынған

07 ақпан 2020, 15:02

Солтүстік Қазақстан облысында 270 адамның алимент бойынша қарызы 43 млн теңгеге жеткен.

Елімізде әрбір үшінші отбасы ажырасса, СҚО-да әрбір екінші үйелменнің шаңырағы ортасына түседі. Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының мәліметінше, олардың қолында бүгінде алимент өндіру бойынша 7 мыңнан астам атқару құжаты бар. Алайда алимент төлеуі тиіс азаматтардың кейбіріперзентінің алдындағы міндетін орындауға асықпайды екен. «Бүгінде 270 адам «проблемалық алимент төлеуші» деп анықталған. Берешекті өндіріп алу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Дүние-мүлкіне, есепшоттарына, елден шығуына шектеу қойылған. Олардың жүргізу куәліктерінің де күші жойылған. Мұндай алимент төлеушілерге іздеу жариялаймыз», — дейді СҚО бойынша жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы Асан Маткаримов. Мамандардың айтуынша, 270 адамның 123-і үш ай көлемінде берешек. Ал қалған 143-і мүлде алимент төлемеген. Салдарынан қордаланған қарыз 43 млн теңгеге жеткен. СҚО Әділет департаментінің мәліметіне сенсек, туған баласына көмектесуден қашқақтап жүрген әкелердің 87-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 48-і айыппұл төлесе, қалған 39-ы жазасын қамауда өтеді. Бұдан басқа тағы 249 адамның ісі ішкі істер органдарына қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында жіберілген.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия