jasqazaq.kz

Алимент төлемеген 16 адамның автокөлігі тартып алынды

23 желтоқсан 2019, 15:32

Алматыда «Алимент төле» және «Борышкер» акциялары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Жетісу ауданының прокуратурасы жол полициясы қызметкерлерімен және Алматы қаласының жеке сот орындаушыларымен бірлесіп «Алимент төле» және «Борышкер» акцияларын өткізуде. «Акция борышкерлердің автокөлігін анықтау арқылы алимент берешегін азайтуға бағытталған. Тәжірибе көрсеткендей, автокөлікт алғаннан кейін борышкерлер барлық қарызын бірден төлейді» делінген прокуратура хабарламасында. Шара барысында борышкерлердің 16 автокөлігі ұсталып, 2 млн теңгеден астам қарыз төленді, оның ішінде осы жылдың 14 қарашасында рейд жүргізу барысында алимент төлеушілер 1 млн теңгеге жуық ақша төлеген. Сонымен қатар, алимент төлеуден жалтарған бір азамат жауапкершілікке тартылды. «Осы жылдың қараша айында алимент төлемегені үшін сот үкімімен азамат Б. ҚР ҚК 139-бабы бойынша бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды»,-деп хабарлайды Алматы қалалық прокуратурасы.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық