jasqazaq.kz

Алик Шпекбаев: Жемқорлықты отанын сатумен теңестіруге болады

05 қараша 2020, 17:32

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қостанай облысына сапары аясында Рудный қаласының жұртшылығымен және мемлекеттік қызметшілерімен кездесуінде мәлімдеді.
Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер туралы сөз қозғап, сондай-ақ елде жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы саясат және қабылданып жатқан алдын алу шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Атап айтқанда, ол басшылардың бағыныштылар арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі туралы еске салды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Рудный қаласының әкімі Ғаязов Қашар кентінің әкімі Алдонғаровтың жемқорлық қылмысы үшін берілген отставка аясында атқарған қызметінен босатылды.
«Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама әр басшыға жоғары талаптар қойып отыр. Сіздер тұтас мемлекеттік органның жұмысы тазалық пен парасаттылыққа бағытталуға байланысты екенін жете түсінулеріңіз қажет. Сондықтан басшылардың жемқорлыққа жол ашатын кез келген жағдайды жою бойынша белсенді әрекет жасауы маңызды. Бұл үшін барлық құралдар бар. Ең бастысы – шынайы ниеттің болуы», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосының басшысы азаматтармен сындарлы диалогты кеңейту қажеттілігіне, жергілікті атқарушы органдардың азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау жұмысын күшейту мен қоғамдық бақылауға назар аударды.
Қоғамдық ұйымдар өкілдеріне арнаған сөзінде Алик Шпекбаев мемлекеттік органдардың жұмысын трансформациялауда азаматтардың рөлі артып келе жатқанын атап өтті. «Әркімнің үлесі өте құнды. Алайда, сөзден іске көшу тұрғысынан белсенділік қажет: «Сынға алсаң – тиісті шараларды ұсын, оларды іске асыру арқылы жауапкершілікті сезін», — деп баса айтты.
ХҚКО туралы айта келе, Алик Шпекбаев электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің үдемелі дамуын атап өтті: «Қағаз жүзінде көрсетілетін қызметтер – өткен күннің белгісі. Шенеунікпен байланыс орнату арқылы қызмет көрсету тұрмыстық сыбайлас жемқорлық қаупін арттырады. ХҚКО-лардың санын көбейтудің қажеті жоқ. Азаматтарды электрондық мүмкіндіктермен жұмыс істеу дағдыларына үйретуге және әкімдіктердің фронт-кеңселерін сапалы пысықтауға назар аудару қажет».
Жастар ұйымы өкілінің сұрақтарына жауап бере отырып, Алик Шпекбаев былай деді: «Шынында да, мемлекеттік аппаратты қысқарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Мемлекеттік қызметте неғұрлым тиімді қызметкерлер қалуға тиіс. Саясаттың ықшамдылыққа бағдарланғанына қарамастан, адал, білімді және талантты жастарға конкурстық негізде жұмысқа өту жолы әрқашан ашық болатынына сенімдімін».

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия