jasqazaq.kz

Алик Шпекбаев дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілімен жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуын талқылады

14 қазан 2020, 14:27

А.ж. 14 қыркүйегінде Алик Шпекбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартомен кездесті. Сондай-ақ, кеңеске АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы ұйымның орталық кеңсесінің мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі мамандары қатысты.

Тараптар Қазақстанда жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту және еліміздің Дүниежүзілік Банк анықтайтын «Мемлекеттік басқару индикаторлары» бойынша қол жеткізген жетістіктері мәселелерін талқылап, ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жоспарларын белгіледі.

Кездесу барысында Агенттік төрағасы екінші тараптың назарын Қазақстанның саяси жаңғыруының негізгі аспектілеріне аудара отырып, жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзекті новеллаларын таныстырды.

А. Шпекбаев Мемлекет басшысының саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі және кешенді жұмыс жүргізіліп, жемқорлыққа қарсы алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттар жоспарлы түрде енгізіле отыра, пәрменді қылмыстық-құқықтық шаралар іске асырылып жатқандығын атап өтті.

Өз кезегінде Жан-Франсуа Марто еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жетістіктерін жоғары бағалап, «Қазақстан мемлекеттік басқарудың 6 индикаторының ішінен дәл осы жемқорлықты бақылау көрсеткіші бойынша ілгері жетістікке қол жеткізді. Бұл Агенттіктің елдік табыстағы жетекші рөлін айғақтайды. Соңғы екі жылда Қазақстан жемқорлықты тиімді бақылайтын елдер санатына айтарлықтай жақындай отырып, пайыздық дәрежені 19,7%-дан 43,8%-ға дейін екі есеге жақсартты. Бұл қабылданып жатқан шаралардың нәтижелілігін және жемқорлықты жоюға бағытталған нақты әрекеттерді көрсететіні сөзсіз», — деп атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жемқорлық тәуекелдерін анықтау және алдын алу-профилактикалық жұмыс бойынша цифрлық жүйелерді енгізу, Агенттіктің өзекті жобаларын мақсатты қаржыландыру, сондай-ақ Орта Азия өңірінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазақстандық тәжірибесін тарату мәселелерін пысықтауға келісті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия