jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов жылыту маусымына дайынбыз деп жалған есеп берген әкімдерді сынады

20 желтоқсан 2022, 11:25

Үкімет отырысында Премьер-Министр Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысының әкімдіктері жылу маусымына дайындық туралы жалған ақпарат бергенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз қыркүйек айында осы мәселеге қатысты арнайы Үкімет отырысын өткізгенбіз. Сол кезде әкімдіктер жылыту маусымына сақадай сай дайынбыз деді. Әкімдер ешқандай проблема жоқ деп баяндады. Алайда, жалаң есеп пен жалған ақпараттың соңы тарихта болмаған сорақы жағдайға алып келді. 2 айдың ішінде екі бірдей ірі апат болды — Риддер мен Екібастұзда», — деді Премьер-Министр Әлихат Смайылов.

Сондай-ақ, ол осыған ұқсас жайттар Өскемен, Рудный, Теміртау, Семей, Ақтау және Павлодар қалаларында болғанын еске салды.

«Жылу жүйелері мен инженерлік желілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жағдайды қатаң бақылауда ұстап, шұғыл шаралар қабылдау қажет. Оларды кейінге шегеруге болмайды», — деді Үкімет басшысы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде