jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: ақша аударымдарына салық салынбайды

14 қараша 2019, 10:24


Премьер-Министрдің бірінші орынбасары — Қаржы министрі Әлихан Смайылов халықтың қолма-қол ақшасыз аударымдарына қатысты пікір білдірді. 
«Ақша аударымдары бойынша комиссия болмағандықтан, пайдаланудың ыңғайлылығына байланысты Kaspi сияқты жедел аударым жүйелерінің тұрғындар арасында және бизнесте танымалдығы артып келеді. Әрине, қолма-қол ақшасыз төлемдердің өсімі көлеңкелі экономиканың төмендеуіне ықпал ететінін түсініп отырмыз. Қаржы министрлігі мұндай аударымдардан ешқандай қосымша төлем немесе салық алуды жоспарлап отырған жоқ. Әсіресе жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасыз аударымдарын тексеру – ешқандай жоспарда жоқ», — дейді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары. Әлихан Смайыловтың айтуынша, министрлік банктермен бірлесіп, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін ыңғайлы және заманға инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жүргізіп келеді. «Ал кәсіпкерлік сала ашық болуы керек. Заңға сәйкес кәсіпкерлер фискалды түбіртек беріп, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн-кассалық машиналарды пайдалануы тиіс. Kaspi-ді кәсіпкерлік мақсатта пайдалану – кәсіпкерлерді осы міндеттемелерден босатпайды. Тұтынушының құқығын қорғау үшін тексерудің маңызды екенін ұғыну керек», — дейді ол. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары қазіргі таңда Қаржы министрлігі жедел қызмет көрсету жүйесін пайдаланып кәсіпкерлердің кірістерін әкімшілендіру мәселесі пысықталып жатқанын хабарлайды. «Мысалы, бұл онлайн-кассалық машиналар мен POS-терминалдарды автоматты түрде толтыру және салық есептілігін жіберу функционалдылығымен біріктіру арқылы жүргізіледі. Мұндай пилот келесі жылы Kaspi Bank-пен бірге өткізіледі. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес, арнайы салық режімдерін қолданатын микро және шағын бизнес субъектілері, мысалы, патент немесе жеңілдетілген декларация 3 жылға салықтар мен тексерулерден босатылатындығын атап өткім келеді. Осыған байланысты тұрғындар алаңдайтындай ешқандай негіз жоқ», — деп түйді Әлихан Смайылов. Еске сала кетсек, күні кеше ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ҚР Қаржы министрлігінің ел тұрғындарының қолма-қол ақшасыз төлемдерін тексеруге қатысты ұсынысына түсінік берген болатын.

 ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда