jasqazaq.kz

Әлібек Қалбайдың өлімі: екі командир әскери қызметтен қуылды

01 тамыз 2022, 11:19

Жамбыл облысында әскери бөлімде қайтыс болған сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты тергеуден соң екі командир жұмыстан қуылды, – деп жазады inform.kz.

Қорғаныс министрлігі осы оқиғадан соң әскери бөлімде тексеру жүргізді.

«Қатардағы жауынгер Ә.С.Қалбай биыл сәуір айында Отан алдындағы борышын өтеп жүрген кезде қайтыс болды. Жеке құрамды жеткіліксіз бақылау және 30212 әскери бөлімінің лауазымды тұлғалары тарапынан жұмыстағы олқылықтарды анықтау үшін Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Нәтижесінде, 30212 әскери бөлімінің командирі және осы бөлімнің оқу ротасының командирі лауазымынан шеттетілді» делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар сарбаз өліміне байланысты осы әскери бөлімнің тағы 3 лауазымды қызметкерді қатаң тәртіптік жауапқа тартты.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр