
Қазақстандық «Ник Вуйчич» атанған Әли Тұрғанбеков өз қолымен ағылшынның Ливерпуль ойыншыларына УЕФА Суперкубогын табыстады.
Әли жеңімпаздарға кубокты табыстау рәсімін УЕФА президенті Александер Чеферинмен бірге өткізді. Финалда «Ливерпуль» өзінің «челсилік» отандастарын пенальти қорытындысы бойынша жеңген болатын. Екі аяқсыз дүниеге келген Әли Тұрғанбеков «Челси» және «Ливерпуль» футбол командаларының жұлдыздарымен кездесетіні бұған дейін хабарланған болатын. «Достар, мен УЕФА-ның Суперкубогына шақырту алдым. Онда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының өткен маусымдағы жеңімпаздары — «Ливерпуль» мен «Челси» кездеседі. Қуанышымда шек жоқ», — деп бөліскен еді Әли өз қуанышымен Instagram-дағы парақшасында.
Дереккөзі: ҚазАқпарат