jasqazaq.kz

Әли Оқапов клубта құшақтасып билеген қызын еске түсіре алмады (видео)

13 наурыз 2018, 11:07

Жақында ғана түнгі клубта қызбен құшағы ажырамай билеген сері жігітті көпшілік Әли Оқапов деп ойлаған болатын. Видеоны көрген әншінің өзі құшағындағы қызды есіне түсіре алмаған деп хабарлайды «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алайда желіге тарап кеткен видеоағы азамат «Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы болып шыққан еді.

«Сөздің шыны керек мен өзім ойлап қалдым «мен бе мынау» — дегендей. Өйткені қатты ұқсайды. Мойындаймын. Бірақ еске түсіре алмадым, сол кешті. Яғни, қай жер екендігін, қай қыз екендігін. Барлығы да мүмкін ғой. Мүмкін ескі видео шығар. Мүмкін мектеп кезіндегі. Мысалы біз мектеппен бірге клубтарды жалдап, өзіміз ғана дискотека ұйымдастыратынбыз. Мүмкін бір презентация шығар. Әрине болып тұрады», — деді әнші.
Өзі емес екеніне нақты көзі жеткен Оқапов видеоны желідегі парақшасына жүктеген. Осыдан кейін ғана оқырмандар оқиғаның мән-жайына көзі жетіп, әншіге кешірім беріпті.

https://youtu.be/PBPiu72qSuA

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды