jasqazaq.kz

Әли Оқапов анасының тегінен не себепті бас тартқанын түсіндірді

15 наурыз 2018, 12:13

Неге, Әли – Оқапов, Мәди – Рымбаев? Екі түрлі текті еншілеген Халық әртісінің қос ұлына, бұл сұрақ жиі жолданады екен. Осы уақытқа дейін мұның себебін сыр қылып сақтап келген Роза ханымның тұңғышы, бұл жолы барлық құпияны ашуға әзір.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Әли өмірінде үш рет фамилиясын ауыстырыпты. Алғашқысы Оқапов, екінші тегі Тасқынұлы, кейін әкесі бақилық болған сәтте құжатын Рымбаевқа өзгерткен.

“Саған көмек болады, мен әрқашан жаныңда жүрмеймін дегендей анам сондай шешім қабылады. Енді, қиын замандардың бәрі өтіп кеткен сияқты. Сондықтан, мен өз фамилиямды қайтып алсам, қарсы емессің бе дегендей ой жеткіздім. Әрине анам қарсы болған жоқ”, – дейді Әли.

Ал, төлқұжатына анасының тегін жазған Мәдидің таңдауын ағасы былайша түсіндіреді.

“Мен Рымбаев болған кезде Мәди де дүниеге келді. Сондықтан Мәди де автоматты түрде Рымбаев болып кетті бірден. Бізде күткенбіз мүмкін 16 жасында ол да ауыстыра ма дегендей. Өзі шешсін деп”, – дейді Оқапов.

Бірақ Роза ханымның кенжесі фамилиясын ауыстырмады! Мәди бүгінде Рымбаев тегімен тыңдарманына танымал.

stan.kz

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды