jasqazaq.kz

Алғашқы ондық: Қазақстан ерекше көрсеткіш бойынша УЕФА тізіміне енді

10 қараша 2021, 13:38

«Gazeta Sporturilor» басылымының журналисті Виорел Тудораке ерекше зерттеу жүргізген. Ол Еуропа лигасындағы командалардың қанша рет жаттықтырушы ауыстырғанын санап, рейтинг жасады. Журналистің деректеріне сүйенсек, көш басында Румыния тұр. Ал Қазақстан 8-орынды иеленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Румынияның ішкі чемпионаты жаттықтырушы алмастыру бойынша Еуропада көш бастады. Маусым басынан бері, уақытша жаттықтырушыларды қосқанда, 15 рет ауысқан екен. Ұлттық чемпионат барысында сегіз футбол клубы жаттықтырушыларын алмастырды. Олар: «Университета Крайова 1948» (3 рет), «ЧФР Клуж» (2 рет), «Университет Крайова» (2 рет), «Сепси» (2 рет), «Динамо» (2 рет), “Клинчени» (2 рет), «Стяуа» (1 рет) және «Газ Метан» (1 рет). Алғашқы ондықта Румыниядан кейін Түркия (10), Болгария (7), Сербия (6), Ресей (6), Украина (6), Босния (6), Қазақстан (5), Эстония (4), Словения (4) елдері бар», — деп жазды газетте.

Виорел Тудоракенің рейтингті қандай әдіспен жасағаны белгісіз. Уақытша жаттықтырушыларды қоса есептегенде «Қайрат» командасында Курбан Бердыевке дейін 3 жаттықтырушы ауысқан. «Ақтөбе» командасы 2, «Тобол», «Шахтер», «Тұран» және «Қайсар» командалары 1 жаттықтырушыдан ауыстырған. Барлығы 9 жаттықтырушы екенін есепке алсақ, Қазақстан Еуропада үшінші орынды иеленуі керек.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде