jasqazaq.kz

Алған парасын жағып жіберді

10 қазан 2018, 12:03

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің екі бірдей белді өкілін ұстады.

Оның бірі Ішкі істер министрлігі көліктегі ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары. Ол «Қазақстан отын энергетикалық кешені» серіктестігінің өңірлік басшыларынан жалпы қамқорлығы үшін шілде-қыркүйек айлары аралығында 2,4 миллион теңге көлемінде пара алып отырған. КТК телеарнасы хабарлағандай, компанияның өңірлік басшылары қоймалардан дизель отынын ұрлаумен айналысқан. Ал екіншісі – Ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитетінің арнайы есеп бөлімшесінің басшысы, әділет подполковнигі екен. Ол қызметтік бабын пайдаланып, алаяқтық жасағысы келіпті. Яғни, Ақтөбе облысындағы түзеу мекемесіндегі сотталушыны Ақмола облысына ауыстырып берем деп 6800 доллар сұраған. Соның 2800-ін қаладағы кафелердің бірінің жанында өз автокөлігінде делдалдың қолынан алып жатқанда қолға түсіпті. Тіпті құрыққа ілінгенде,параның бір бөлігін жағып жіберген. Жанна Бастарова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі: -Күдікті ұстау барысында ұлттық бюро қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Қылмыс орнынан бой тасалауға әрекет жасаған және ақша түріндегі заттай айғақ заттардың жартысын жойған. Қазіргі таңда фактілердің бұлтартпастығын ескере отырып, ол толығымен өз кінәсін мойындады. Тергеумен әрекеттесуге ынта білдірді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді