jasqazaq.kz

Әлеуметтік желілерде жалған валюта сатылып жатыр

21 қантар 2021, 10:35

 

Instagram әлеуметтік желісінде жалған доллар, рубль, еуро және гривна ұсынатын аккаунттар табылды. Бұл туралы stopfake.kz сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Жалған ақша жасаушылардың айтуынша, бұл жалған ақшаны нағыз купюрадан айыру мүмкін емес. Оларды терминалдар мен банкоматтар қабылдайды.

Жалған ақшаны сату жарнамасы басқа платформаларда да кездеседі. Жалған ақша жасаушылар өз қызметтерін негізінен Ресей мен Украинада ұсынады.

Жалған купюралар «бір жерге қою» әдісімен сатылады – оларды белгілі бір жерде жасырады және сатып алушыға белгіленген жердің картасын жібереді. Кейбір жағдайларда «ақшаны» поштамен жібереді.

«Настоящее время» басылымының журналистері Instagram-дағы парақшасында мұндай сату схемасы іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын тексеріп көрген. Алайда, тілші жалған ақша жасаушыларға ақша мен аударымды растайтын чекті жібергеннен кейін, сатушы ықтимал сатып алушыны бұғаттап, бүкіл жазбаны өшіріп тастады.

Қазақстанда ҚР ҚК 231-бабына сәйкес, жалған ақша немесе бағалы қағаздар дайындау, сақтау, ауыстыру немесе өткізу үшін бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Егер әлеуметтік желілерден осындай жарнаманы көрсеңіз, сілтемелер бойынша өтпеңіз және авторлармен байланысқа шықпаңыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде