jasqazaq.kz

Әлеуметтік желіде тараған видеоның қайда болғаны белгілі болды

04 маусым 2021, 14:09

Әлеуметтік желіде көлік рөліне отырған жасөспірімнің полициядан қашуға әрекет жасағаны түсірілген видео таралып кетті. Жанында отырған әкесі тізгіндегі баласына «Газды бас» — деп нұсқау береді.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Сергек | Алматы | Нур-Султан (@sergek.kaz)

Қостанай облысы ПД мәліметінше, оқиға 31 мамырда болған. Полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында Mitsubishi Pajero көлігін тоқтатқан.

«Полицейлердің заңды талаптарын орындаудың орнына жүргізуші жасыра бастады. Ол қашамын деп тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, бірнеше рет апаттық жағдай жасады. Дауыс зорайтқыш құрылғының көмегімен полиция қызметкерлері көлік құралын тоқтатуға бірнеше рет бұйрық берді, жүргізушіге бағынбаған жағдайда табельдік қару қолданылатынын ескертті», — деді полиция өкілдері.

Көлікті тоқтату үшін тәртіп сақшылары табельдік қаруды қолданып, жол талғамайтын көліктің артқы дөңгелегін жарды.

«Көлікті 2007 жылғы кәмелетке толмаған бала басқарған. Алдыңғы жолаушылар орнында 35 жастағы әкесі мас күйде отырған, оған қатысты 612-баптың 5-бөлігі (Көлік басқару құқы жоқ адамға басқарма беру) және 613-баптың 1-бөлігі (Тоқтату туралы заңды талаптарды орындамау) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды», — деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews.kz хабарлағандай, табельдік қаруды қолдануға қатысты қызметтік тергеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша прокуратура келісімімен полиция қызметкері қаруды заңды қолданғаны анықталды.

Сонымен қатар, 14 жастағы кәмелетке толмаған баланың ата-аналарына қатысты материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін қала әкімдігінің Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиясына жолданды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия