jasqazaq.kz

Әлеуметтік желіде экстремистік жазба қалдырған

25 сәуiр 2019, 17:02

Атырауда кәмелетке толмаған қыз әлеуметтік желіде экстремистік жазба қалдырған, — деп хабарлайды «Мой ГОРОД».

Осы әрекеті үшін қыз бала бостандығынан айырыла жаздады. Құрманғазы ауданының тұрғыны «Вконтакте» әлеуметтік желісінде бұрыннан «отырады» екен. Алайда ол парақшасына жүктеген жазбасы сот алдына алып келетінін еш ойламаған. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотында кәмелетке толмаған қызға қатысты әкімшілік іс ҚР ӘҚБтК 453-бабы 1-бөлігі («Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған бұқаралық ақпарат құралдары өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау») бойынша қаралды. Сотта қыз бала өз кінәсін толығымен мойындады, онымен бірге анасы болды және судьядан қызының балалық ағаттығына кешіріммен қарауды өтінді. «Сот кәмелетке толмаған баланы заңды түсіндіру түрінде тәрбиелік сипаттағы шараларды қолдана отырып, жауапкершіліктен босатты», — деді Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілдері.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық