jasqazaq.kz

Әлеуметтік пакетке тегін жолақы, тамақ, жатақханада, стипендия кіреді

20 ақпан 2019, 15:23

«Тегін тамақ, тегін жолақы» Сұлтанов жаңа әлеуметтік пакет жайлы айтты Астана әкімі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуінде жастарға жасалып жатқан жағдайларға тоқталды.

Сұлтановтың айтуынша, елордалық жастарды қолдау мақсатында «Астана жастары-2019» жол картасы әзірленген. «Құжатқа енген шаралар – жастарды демеп жіберу, дұрыс бағытқа жетелеу, бойындағы талантын танып, тамырын жаюына жағдай жасау», — деді қала басшысы. Әкім биыл Астанадағы Жастар сарайы өзгеретінін атап өтті. Ол жастардың мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істеп, барлық бастамасын іске асыратын ордасына айналмақ. «Жалпы табысы үш ең төменгі күнкөріс мөлшерінен аспайтын көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға Астананың жоғары оқу орындарында білім алу үшін жеке гранттар ұсынылады. Бұл қосымша 25 миллион теңге», — деді қала басшысы. Сонымен қатар сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын алу үшін бейінді және техникалық білім беру мекемелерінде қосымша 1 мың грант қарастырылған. «Оқу кезінде толық әлеуметтік пакет ұсынылады, яғни оның ішіне тегін жолақы, тегін тамақ, жатақханада тегін тұру, стипендия кіреді. Менің ойымша, бұл студенттер үшін тамаша жаңалық», — деді Сұлтанов. Бұған қоса, Астананың жоғары оқу орындарын бітірген жастар «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналаса алады. Ал «Бизнестің жол картасы» бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, жеңілдікпен несиелеу бағдарламасына қатысуға мүмкіндік бар.

КТК 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде