jasqazaq.kz

Әлеуметтік осал топқа жататын елордалық түлектердің оқу ақысы төленеді 

02 тамыз 2022, 15:38

Әлеуметтік осал топқа жататын елордалық түлектердің ЖОО-ларда білім алу ақысын әкімдік өтейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Жаңа оқу жылында педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білім алуға 1 300-ге жуық грант бөлуді жоспарлап отырмыз. Одан бөлек, әлеуметтік көмек бойынша жеке бағдарлама қарастырылған. Жағдайы төмен отбасылардан шыққан талапкерлердің қала университеттерінде білім алуы үшін оқу ақысын төлеу түрінде әлеуметтік көмек көрсетеміз. Бұл бағдарлама бойынша құжаттарды қабылдау 21 тамызға дейін жалғасады. Оқу ақысын төлеу түріндегі әлеуметтік көмек жетім балалар, балалар үйінің түлектері, бала күнінен мүгедек, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар арасында бөлінеді. Білім алу еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізіледі. Олар — биотехнология, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, геодезия және картография, сәулет, мектепке дейінгі білім беру, инженер, жалпы медицина, педагогика, IT сала, жылу энергетикасы, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, электр энергетикасы және өзгелері», — деп жазды бас шаһардың әкімі.

Алтай Көлгіновтің дерегінше, аталған әлеуметтік көмекті алу үшін қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына хабарласу керек. Сондай-ақ, өтінішті egov порталы арқылы электронды түрде беруге болады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық