jasqazaq.kz

Әлеуметтік нанның бағасы қымбаттамайды

15 қазан 2019, 18:46

Биыл 15,1 млн гектар алқап орылып, 19,1 млн тонна дәнді және бұршақ дақылдары бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. 

Алдын ала болжамға сәйкес, өткен жылғы азық-түлік бидайының ауыспалы қалдығы ескеріле отырып, келесі егінге дейін үлестірілетін көлем 14,9 млн тоннаны құрады. Оның шамамен 5,9 млн тоннасы (тұқым, жемшөп, өнеркәсіптік өңдеу) ішкі тұтынуға пайдаланылады, экспорттық әлеуеті шамамен 6,0 — 7 млн тоннаны құрайды. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің мәліметінше, 2019 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша астық қабылдау кәсіпорындарында 5,1 тонна астық бар, соның ішінде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ-ның 350 мың тонна астығы бар. Сондай-ақ Азық-түлік корпорациясы 300-350 мың тоннаға дейін астық сатып алады. Өңірлердегі кәсіпорындардағы ұнның айлық қоры 178,0 мың тоннаны құрайды. Осылайша республикада астық пен ұн қоры бойынша жағдай тұрақты. Ресми статистикаға сәйкес, «әлеуметтік нан» деп аталатын бірінші сұрыптағы бидай ұнынан жасалған нанның республикалық орташа бағасы бір бөлке үшін 76,5 теңгені құрайды. Әлеуметтік нанның бағасы көтерілмейді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда