jasqazaq.kz

Әлеуметтік корпорациялар 800 млн теңгеге азық-түлік жеткізу міндеттемесін орындамаған

05 желтоқсан 2022, 13:45

Биыл әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары 800 млн теңгеге азық-түлік жеткізу міндеттемелерін орындамаған. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың қолданыстағы тетіктері тиісті нәтиже бермейді. Аффилирленген, мамандандырылмаған және қаржылық жағынан тұрақты емес компанияларға жеңілдікті қарыздар беріледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың келісімшарт жасалған көлемін жеткізуге бақылау жоқ. Қаражат нысаналы мақсатта пайдаланылмайды (банктердегі депозиттерге орналастырады, айналым қаражаты ретінде пайдаланады және тағы басқасы)», — деп атап өтеді Олжас Бектенов.

Мысалы оның дерегінше,«Ақтөбе» ӘКК басшылығы 2020 жылы бір ғана сауда нүктесі бар «Бриг» ЖШС-ға 500 млн теңге бөлген. Ал оның Ақтөбе қаласында да, облыстың аудандарында да сауда желісі жоқ.

«Осы жылдың басынан бері ғана ел бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 11,4 пайызға өсті. Ал әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың азық-түлік тауарларын жеткізу бойынша орындалмаған міндеттемелерінің сомасы 800 млн теңгеге жетті», — деді агенттік басшысы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде