jasqazaq.kz

Әлеуметтік көмек алып беремін деп алдап кетті

21 мамыр 2020, 11:46

Түркістандық алаяқ «21 мың теңге әлеуметтік көмек алып беремін» деп 10-ға жуық тұрғынды алдап кеткен.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, бейтаныс жігіт «мемлекет тарапынан беріліп жатқан 21 мың теңге арнаулы әлеуметтік көмекті алып беремін»деп 50 мың теңге алған. Ақшаны алғаннан кейін алаяқ хабарсыз кеткен.

«Бұл ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша қалалық Полиция басқармасына тіркеліп, күдікті іздестірілді. Қалалық полицейлер екі күн ішінде жиналған ақпарат көздері арқылы алаяқты ұстады. Тергеу барысында күдіктінің бұдан бөлек осындай сегіз жайтқа қатысы бары анықталды», — деді полицейлер.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі — 400 мың теңге. Күдікті қамауға алынды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Polisia.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі