jasqazaq.kz

Әлеуметтік көмек алу үшін ажырасу көбейген

29 маусым 2020, 12:42

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халыққа есеп беру кезінде жастардың ажырасу жағдайы артып бара жатқанын мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Жолдауының басты басымдықтарының бірі – отбасы және балаларды қолдау шаралары. Қазіргі таңда өкінішке қарай, қоғам өзгерісімен бірге отбасының құндылықтары да өзгеріп бара жатқанын айта кету керек. Елдегі өзекті мәселелердің бірі – ажырасу жағдайының артуы. 2017 жылы ажырасудың 55 мың жағдайы (тіркелген некелердің 39 пайызы) тіркелсе, 2019 жылы бұл көрсеткіш 60 мыңға (43 пайызы) жеткен. Сонымен бірге мұндай белсенді статистикаға АӘК айналасындағы жағдай себеп болғанын жеткізгім келеді», деді министр.

Оның айтуына қарағанда, материалдық көмек алу үшін «өтірік ажырасу» да белең алған. Министрдің айтуынша қазіргі таңда қоғамда болып жатқан кез келген өзгеріс отбасына жағымсыз сипатта әсер етуі мүмкін. Сол себепті мемлекеттің әлеуметтік міндеттерінің маңызды бір бөлігі – отбасы, ана мен баланы қорғау болып отыр.

«Негізгі амал-әдістер 2030 жылға дейінгі отбасы мен гендердік саясат тұжырымдамасында көрсетілген. Биыл осы Тұжырымдаманың екінші кезеңін жүзеге асыру жұмыстары басталды. Ол отбасы институтын жетілдіріп, репродуктивті денсаулықты нығайтып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған», — деді Аида Балаева.

ҚазАқпарат

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық