jasqazaq.kz

Әлемжелі Алтынай Жорабаеваның видеосын талқылап жатыр (видео)

23 қараша 2020, 15:35

Ғаламтор кеңістігінде Алтынай Жорабаеваның жолдасы мен қыздарының бассейнде ойнап жатқан видеосы тарап, ел арасында қызу пікірталас тудырды. Әншінің перзенттері мен екінші күйеуінің өзара қарым-қатынасына қатысты халық екі түрлі пікір білдірді деп жазады NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева Instagram желісінде Түркия елінде қалай демалып жатқанын көрсетті. Өнер иесі Stories бөлімінде күні бойы не істегенін жариялап, жұртты қызықтырып қойды. Белгілі болғандай, эстрада жұлдызы шетелге жолдасы мен қыздарымен бірге шыққан. Олар өзге елге саяхаттап барып, көптеген әсем жерлерді аралаған. Күні кеше Жорабаева сүйіктісі мен қыздарының бассейндегі видеосымен бөлісіп, ойламаған жерден қызу талқыға қалды. Онда әнші перзенттерінің екінші әкелерін құшақтап жүзіп жүргенін байқауға болады. Желі қолданушылары аталмыш бейнежазбадағы көрініске қатысты ойлары бір жерден шықпай, түрлі пікір білдірді. Бірі қыздардың екінші әкелерімен деген жылы арақатынасына тәнті болып жатса, енді бірі жасөспірімдердің үлкен азаматпен суға түсіп жүргенін ерсі санаған.

«Маған ерсі көрінді. Үлкен қыздың бейтаныс азаматтың мойнына отырып алғаны бір түрлі екен» , «Мына жолдасыңыз сіздің байлығыңызға қызыққан ғой. Түбінде жаман ойы ашылар», «Өте балажан кісі екен. Қандай керемет көрініс» , «Бақытты болыңыздар. Қыздар екінші әкелерін туғанындай қабылдапты», «Көз тимесін. Қыздарыңыздың көңілін таба алған адам сіз үшін көп нәрсеге баратыны анық» , — деп жазды ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жұлдыздар туралы жаңалықтар (@qaz.stars)

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық