jasqazaq.kz

Әлемнің үздік жас футболшысы анықталды

23 қазан 2017, 16:03

Франция құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) шабуылшысы Килиан Мбаппе 21 жасқа дейінгі үздік футболшыға берілетін Golden Boy жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап. 

Дауыс беру қорытындысы бойынша 19 жастағы француз «Манчестер Сити» шабуылшысы Габриэль Жесус пен «Барселона» шабуылшысы Усман Дембелені басып озды.

Өткен жылы бұл жүлдені қазір Англияның «Суонси Сити» сапында ойнайтын португалиялық Ренату Санчес алған еді.

Мбаппе жазда «Монако» командасынан ПСЖ- ға ауысты, 2017/2018 маусымы аяқталысымен Париж форвардты 180 млн еуроға сатып алуға құқылы.

Осы маусымда 18 жастағы шабуылшы клуб деңгейіндегі 11 ресми матчқа қатысып, 4 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Өткен маусымда «Монако» сапында ойнаған ол 44 ресми матчқа қатысып, 26 гол соқты және 14 нәтижелі пас берді.

Айта кетсек, Golden Boy жүлдесін 2003 жылы Tuttosport бас редакторы бекіткен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде