jasqazaq.kz

Әлемге әйгілі бүркітші қыз Бурабайға келді

14 желтоқсан 2018, 11:23

Бүкіл әлемге танылған моңғолиялық бүркітші қыз Айшолпан Ақмола облысындағы халықаралық жарыстарға құрметті қонақ ретінде қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бурабай ауданында «Майбалық» демалыс орнында аты аңызға айналған отандасымыз, танымал құсбегі Мәсіп Батырханұлыны еске алуға арналған «Қансонар-2018» құсбегілер арасындағы халықаралық фестиваль өтті. Турнирге Венгрия, Испания, Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, БАӘ, Қытай, Түрікменстан және Ресейден спортшылар қатысқан.

Жарыстар үш категория бойынша өткен: бүркіттер, қаршығалар және сұңқарлар.

Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша Көкшетау қаласы Красный яр ауылының 29 жастағы полиция қызметкері Руслан Тумурзин үздік құсбегі атанды. Оған басты сыйлық – автокөлік берілді. Саятшылықтан бөлек, жеңімпаз тазы өсіріп, Ақмола облысының көкпар құрамасында жарыстарға қатысады.

Қалған спортшылар сыйлықтар және жалпы сомасы 2 миллион теңге ақшалай сертификаттармен марапатталды. Бүркітшілер арасында бірінші орынды Алматы облысынан келген Алмас Сейітжан алды. «Қаршығамен саятшылық» номинациясында оның бауыры Аян Сейітжан жеңіске жетті. Ал сұңқармен аң аулауда алматылық Медет Шөліпов бірінші орын иеленді.

Жарысқа құрметті қонақ ретінде атақты бүркітші Айшолпан Нұрғайып келді. Этникалық қазақ қыз Монғолияда дүниеге келген, сегіз жасынан бастап аңшы құстармен айналыса бастады. Ал 10 жасында әкесімен саятшылыққа шыққан. Қазір грант бойынша Астанада білім алып жатыр.

Айшолпанның суреті шетелдік басылымның мұқабасында ерлерге тән аңшылықпен айналысатын қыз ретінде жарық көрген соң қандасымыз бүкіл әлемге танылған. Кейінірек ол туралы деректі фильм түсіріліп, әнші Sia қазақ қызына Angel by the Wings әнін арнады.

Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады