
Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы жұма күнгі сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы құбылып тұр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Brent маркалы мұнай бағасы шілдедегі жеткізілімдер бойынша Лондонның ICE Futures биржасында 0,54 долларға өсіп, барреліне 70,86 долларды құрады. WTI маркілі мұнай бағасы маусымдағы жеткізілімдер бойынша Нью-Йорк (NYMEX) тауар биржасында 0,04 долларға құлдырап, барреліне 61,66 долларды құрады.