Әртістер отандастарымыз үшін айрықша бағдарлама дайындапты. Олар жұрттың жалықтырмауға уәде берді. Әлемнің ең үздік иллюзионистері тұңғыш рет Қазақстанда өз өнерін көрсетеді. Bnews.kz сайты хабарлағандай, әртістер Астанада өткізген баспасөз мәслихатында қазақстандықтарға көз арбау өнерінің қандай мүмкіндіктері паш етілетінін баяндады.

«Иллюзионистер» шоуы әлемнің 200 қаланы аралап шықты. Олар 25 елде өнер көрсеті. Енді өздерінің шоу-бағдарламасын Қазақстанда көрсетеді. Әртістердің өнерін 6-7 қазан күндері Астана қаласындағы ЭКСПО Конгресс — орталықта, ал 10-11 қазан күндері Алматыдағы Республика сарайында тамашалауға болады. Продюсер Симон Пейнтер атап өткендей, шоудың жаңа нұсқасына 7 иллюзионист қатысады. Олар — фальсификатор Харрисон Гринбаум, шоумэн Марк Калин, сиқыршы Джинжер Лайт, ұмытылмайтын шебер Энзо, қашып құтылудың ұстасы Крэндл, манипулятор Себастьян Николас және қару-жарақ шебері Робин Шарп.

Әртістер түрлі елден келген. Ерекшелігі де осында. Әрқайсысы «айрықша» сиқырға ие. Айталық, қару-жарақ шебері Робин Шарп арбалетті мықты меңгерген. Айта кеткен жөн, бұл шоу-бағдарламаның ең қауіпті түрі. Сиқыршы Джинжер «көз арбаудың» кереметін көрсетеді. Ол былай дейді. «Мен отпен ойнаймын. Левитация да сүйікті өнерім. Сонымен қатар, шардың сахнада және көрермен залында ұшуға мәжбүрлей аламын. Өзім де сахнада ұшып, көрерменмен жұмыс істеуді ұнатамын». «Қашып шығудың» шебері Марк Кэндл бұғаудан үш минуттың ішінде қалай құтылуға болатынын көрсетеді.

Манипулятор Себастьян «қолдың сиқыры» туралы айтады. «Менің сиқырым қолымда. Мен заттарды қозғалтып, жоқ болып кетуге немесе басқа нәрсеге айналдыра аламын.
Бұған қоса, ерлі-зайыпты Марк Калин мен мен Джинжер Лайт «әйел денесін кесетін» ең мәшһүр тәсілді көрсетеді.

«Кейде трюк ойлағаныңдай болмайды. Бір жолы сәл үлгермей қалдық. Соның кесірінен саусағымды кесіп алды. Содан тыртық қалды» дейді Джинжер Лайт. Айта кеткен жөн, иллюзионистер Қазақстан көрермендеріне айрықша шоу дайындапты. Бірақ оны құпиясын аша қойған жоқ.

Фальсификатор Харрисон Гринбаум « Мен шын мәнінде сахнада көп сөйлеймін. Өйткені, мен сайқымазақпын. Кейде аудармаға байланысты түсінбеушіліктер болып жатады. Сондықтан тілдегі кедергіні болдырмас үшін бейне трюкке көбірек мән беремін. Сондықтан Қазақстан үшін арнайы жергілікті видео болады» дейді. Баспасөз мәслихатында әртістер көрерменнің жалықпайтынына уәде берді. Өйткені, фильмде көрсетілетін дүниелерді жанды өнермен салыстыруға келмейді. Джинжер Лайт «Шоуымыз виузалды. Публикамен көп араласамыз. Олармен уақытты жақсы өткізуге тырысамыз. Бұл шоуды көзбен тамашалу керек. Фильм мен телевидениеден көргендеріңіз көзбен көргенге жетпейді, тіпті салыстыруға да келмейді», — деп осы пікірді толықтыра кетті. Иллюзионистер Қазақстанда өнер көрсетуді өздеріне мәртебе деп санайды. Олар сахнаға шығып, хас шеберлігін паш ететін сәтті күтіп отыр.