jasqazaq.kz

Әлемдегі ең кәрі жұп жұртты сүйсіндірді

12 қараша 2019, 14:57


Техаста 106 және 105 жастағы ерлі-зайыпты ресми түрде әлемдегі ең кәрі жұп атанды. Биыл олар заңды түрде некелескендерінің 80 жылдығын атап өтпек.

Джон мен Шарлотта Хендерсон – әлемдегі ең кәрі жұп. 100-ден асқан қариялардың жас айырмашылығы бір жыл ғана. Сондай-ақ, Джон Хендерсон — Техас университетіндегі тірі қалған ең кәрі футболшы.

Жалпы жасы 211 болатын бұл жұп Гиннесс рекордтар кітабына кірді.  Қос ғашық Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, 1939 жылы көңіл жарастырған. Ол заманнан бері көп нәрсе өзгерді. Алайда жұп мұның барлығына төтеп бере білді.

«Сүйіктіңізге әрдайым кешірімді және мейірімді болыңыз», — деп бақытты некенің құпиясын бөлісті Джон.  Олар 1934 жылы Техас университетінде білім алып жүріп танысқан. Джон бұл кезде футбол командасының қақпашысы болса, Шарлотта ұстаз болу үшін дайындалып жүрген.

Бүгінде Джон кемінде жылына бір рет футбол ойынын көруге барады. Сондай-ақ, ол әлі күнге дейін жаттығады.

 Stan.kz 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда